Жаңалықтар

«Отбасы банк» алғашқы жарнаны 30%-ға дейін төмендетеді

«Отбасы банк» алғашқы жарнаны 30%-ға дейін төмендетеді
Фото: «Отбасы банк» АҚ 27.03.2023 14:10 855

Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ Алматы қалалық филиалының директоры Данагүл Түсіпова мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жыл басынан бері Отбасы банк қызметкерлері 8400 заем берді. Демек, күніне 150-160 адам қолжетімді несиеге өтініш беріп, қоныс тойын тойлайды. Берілген несиенің төрттен бірі Алматының үлесіне тиесілі. Сонымен қатар, қала тұрғындары жинақтау және одан әрі тұрғын үй сатып алу үшін күн сайын 100-ден астам жаңа депозит ашады. Алайда, оның бәрі мемлекеттік бағдарламалардың шарттарына сәйкес келмейді. Сол себепті, біздің инвесторларымыздың көпшілігі тұрғын үйді коммерциялық нарықтан сатып алады. Қазір біз құрылыс салушылармен бірге жаңа механизм әзірлеудеміз, оның басты құндылығы бастапқы жарнаны 50%-дан 30%-ға дейін төмендету. Құрылыс компанияларынан бөлінген субсидиялар оны азайтуға мүмкіндік беріп отыр», – деп түсіндірді «Отбасы банк» Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Данагүл Түсіпова.

Айтуынша, Алматыда осы әдіс бойынша Отбасы банк клиенттеріне қаланың 10 тұрғын үй кешеніндегі 850 пәтер ұсынылады. Тұрғындар өздеріне ұнайтын нысанды таңдап, «Баспана Маркет» порталында немесе банк бөлімшесінде пәтер брондатып, несиеге өтініш бере алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға