Жаңалықтар

Отардағы жаппай төбелес: 2 әскери қызметкер қамауға алынды

Отардағы жаппай төбелес: 2 әскери қызметкер қамауға алынды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 08.01.2024 15:20 592

1 қаңтарда Жамбыл облысы Полиция департаменті мен Қордай ауданы Полиция бөлімі қызметкерлері бір топ адамның үстінен бұзақылық жасады деген фактімен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған төбелес кезінде екі азамат дене жарақатын алған.

Қылмыстық істі тергеу барысында Гвардейск гарнизонында келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің оқиғаға қатысы бары белгілі болды.

ҚР ҚІЖК-нің 128, 131-баптарына сәйкес осы қылмысты жасады деген күдікпен алты адам ұсталды, оның ішінде 2 әскери қызметші қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді, - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

ҚР ҚК «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметі «төбелес әскери қызметшілер мен қарапайым азаматтар арасында болды», «әскерилер жергілікті тұрғынды соққыға жықты» деген ақпараттардың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Жаппай төбелескендердің ішінде тек екеуі әскери қызметші. Министрлік оқиға жұмыстан тыс уақытта болғанын нақтылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға