Жаңалықтар

Отандық жеңіл атлеттер бабында ма? Жаттықтырушы жауап берді

Отандық жеңіл атлеттер бабында ма? Жаттықтырушы жауап берді
Фото: ©ОКҚ 27.09.2023 13:17 2255

Еңбек сіңірген жаттықтырушы Қуандық Елжанов жеңіл атлетика саласындағы спортшыларымыздың дайындықтары туралы баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның жеңіл атлетикасы бұрыннан қалыптасқан сала. Әлемдік жеңіл атлетика саласында танымал жеңіл атлеттеріміз бар. Отандық жеңіл атлетика саласында аты аңызға айналған Ғұсман Қосановтың турнирі өткізіледі. Тәуелсіз Қазақстан тарихында Ольга Шишигина, Дмитрий Карпов, Ольга Рыпакова сияқты желаяқтарымыз бар, - деді ол.

Оның сөзінше, 2023 жыл қазақстандық жеңіл атлеттер үшін табысты жыл болды.  

Азия чемпионатында алты алтын, үш күміс, үш қола медаль иелендік. Командалық есепте екінші орын иелендік. Өзбекстанда өткен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 3 алтын, 6 күміс, 5 қоламен үшінші орын алдық. Таиландта өткен Азия чемпионатында 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медальді қанжығамызға байладық, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға