Жаңалықтар

Отандық телеарналардың ең үздік бағдарламасы мен сериалы анықталды

Отандық телеарналардың ең үздік бағдарламасы мен сериалы анықталды
Фото: adindex.ru 16.02.2023 10:34 2080

Қантар айының телеөнімдерінің медиа өлшеуі бойынша қорытынды рейтингтері шықты. Бұл туралы «Ұлттық БАҚ Ассоциациясы» ҚБ басшысы Кемелбек Ойшыбаев Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

"Жалпы телеарналардың рейтингтегі орындарын 2022 жылдың қорытындысымен салыстырғанда өзгеріс жоқ. Ескерте кету қерек, бұл рейтинг ірі қалаларда өлшенеді, 6 және одан жоғары жастағы адамдардың медиа қалауын зерттейді. Бағдарламалармен сериал және фильмердің рейтингтерін қарағанда түрлі, қызықты нәтижелер көруге болады. Ақпараттық сараптамалық бағдарламалардың арасында бірінші орынға бұрыннан көрерменнің көңілін аулаған КТК телеарнасының белгілі бағдарламасы «Портрет недели» орналасқан. Екінші орында 31 арнаның «Сөздің шыны керек» бағдарламасы, ал «Евразия» арнасының «Елім-Ай» атты арнайы репортажы үшінші орынға іліккен", - деп жазды Кемелбек Ойшыбаев.

Оның атап өтуінше, 10 үздік танымдық бағдарламалардың арасында Қазақстан телеарнасының басымдығы айқын, ұлттық арнаның алты бағдарламасы үздіктердің қатарында. Олардың басында «1001 түн» және «Ауылдастар» бағдарламалары көш бастап келеді.

"Отандық сериалдардың басындада айрықша көрерменнің көңілін аулаған Қазақстан телеарнасының «Ақжауын-2», «Сезім толқыны» және «Әлкей. Ғұлама ғұмыр» атты сериалдары орналасқан. Сонымен қатар Хабар арнасында хит болып, жылдан жылға жалғасып келе жатқан «Келінжан», «Келінжан-2» «Келінжан-3» сериалдары үздіктердің арасынан үш орын алған. Ал көркем фильмдердің рейтингісі Хабар арнасында көрсетілген «Бизнес по казахски в Корее» атты фильмімен басталады. Екінші орынға былтыр кинотеатрларды шулатқан, аңызға айналған «Дос-Мұқасан» музыкалық тобы туралы жасалған фильмі жайғасқан, ал үшінші орында Қазақстан арнасында көрсетілген «Айка» фильмі орналасқан", - деп жазды Кемелбек Ойшыбаев.

Отандық телеарналардың ең үздік бағдарламасы мен сериалы анықталды

Отандық телеарналардың ең үздік бағдарламасы мен сериалы анықталды

Отандық телеарналардың ең үздік бағдарламасы мен сериалы анықталды

Отандық телеарналардың ең үздік бағдарламасы мен сериалы анықталды

Отандық телеарналардың ең үздік бағдарламасы мен сериалы анықталды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға