Жаңалықтар

Отандық таеквондо шеберлері олимпиадалық іріктеу турниріне қатысады

Отандық таеквондо шеберлері олимпиадалық іріктеу турниріне қатысады
Фото: Olympic.kz 12.03.2024 07:35 270

15-16 наурыз күндері Қытайдың Тайань қаласында таеквондодан Олимпиадаға іріктеу турнирі өтеді. Аталған сынға Қазақстан атынан төрт спортшы қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Тайань даянгінде төмендегі спортшыларға сенім артылып отыр: 

57 келі: Мария Севостьянова

+67 келі: Жансель Дениз

58 келі: Самирхон Абабакиров 

80 келі: Батырхан Төлеуғали

Федерацияның Бас хатшысы Олжас Бесбаевтың айтуынша, жарысты алғаш болып Батырхан Төлеуғали бастамақ.  

Жеребе тарту рәсімі әлі өткен жоқ. Сондықтан, кімнің қарсылас боларын ресми түрде білмейміз. Бірінші жарыс күнінде Батырхан, қалған күні үш спортшымыз сынға түседі. Дайындық жақсы, мақсатымыз - Париж Олимпиадасының лицензиясы, - дейді Олжас Бесбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға