Отандық мақта-мата өндірісінің көлемі артты

Отандық мақта-мата өндірісінің көлемі артты
Фото: stat.gov.kz

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстанда 4 471 мың шаршы метр мақта-мата өндірілді. 2025 жылдың сәйкес кезеңінде өндіріс көлемі 1 302,3 мың шаршы метрді құрады.

Осылайша, 2026 жылдың тоғыз айында мақта-мата өндірісі 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4 есе артты. Өндірістің негізгі үлесі Алматы мен Шымкент қалаларына тиесілі.

2026 жылғы қаңтар-тамызда мақта-мата импортының көлемі 30 626,7 мың шаршы метрді немесе ресурстардың жалпы көлемінің 88,5%-ын құрады. Отандық өндірістің үлесі 11,5% болды.

Ішкі нарық өнімді өткізудің негізгі бағыты болып отыр. 2026 жылғы қаңтар-тамызда өнімді өткізу көлемі 34 362,7 мың шаршы метрге жетіп, жалпы пайдалану көлемінің 99,2%-ын құрады. Экспорт көлемі 287,5 мың шаршы метр болды.

Оқи отырыңыз