Жаңалықтар

Отандық кәсіпорындар өндіріске жапониялық бизнес-модельді енгізіп жатыр

Отандық кәсіпорындар өндіріске жапониялық бизнес-модельді енгізіп жатыр
Фото: gov.kz 25.08.2023 21:31 1042

QazIndustry қазақстандық индустрия және экспорт орталығы алматылық тігін фабрикасына өндіріске үнемді технология элементтерін енгізуге жұмсалған шығындарының 40%-ын өтеп берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Компанияның мәліметіне сүйенсек, бұл өндірістік кемшіліктерді азайтып, тұрақты жұмыс процесін қамтамасыз етіп, еңбек өнімділігін 12%-ға арттыруға жол ашты.

Аталған кәсіпорында арнайы киімнің 100-ден астам түрі шығарылады.

«QazIndustry бізге үнемді өндіріс элементтерін енгізуге жұмсалған шығындардың 40%-ын өтеуге қолғабыс етті. Жапониялық Kaizen философиясын арнайы киім шығаратын цехқа енгіздік. Осы арқылы біздің қызметкерлер білімдерін жетілдіріп, пайдалы дағдыларға ие болды. Бұл өндірістің тұрақтылығы мен жүйелілігін сақтауға көмектесіп, еңбек өнімділігін 12 арттыруға оң әсерін тигізді. Біз мемлекеттің өнеркәсіп кәсіпорындарына жан-жақты қолдау көрсетіп жатқанына қуаныштымыз», деді компания басшысы Әділжан Тұрғанов.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы қаңтар-шілде айларында QazIndustry отандық кәсіпорындарға 186,4 млн теңге көлемінде өндіріс шығындарын өтеуге жәрдемдесті. Атап айтқанда, 184 млн теңге кәсіпорындардың еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шығындарының бір бөлігін өтеуге қатысты болса, 2,4 млн теңге отандық тауарларды ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталды. Аталған кезеңде QazIndustry-ге өнеркәсіп кәсіпорындарынан барлығы 236 өтініш келіп түскен.

Мемлекеттік  ынталандыру шаралары туралы толық ақпаратты QazIndustry-дің ресми сайтынан (qazindustry.gov.kz) білуге болады.  Сондай-ақ кәсіпорындардың шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша кеңес алғысы келетіндер үшін QazIndustry бейсенбі күндері ашық есік күндерін өткізеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға