Жаңалықтар

Отандық гимнаст Словениядағы Challenge Cup кезеңінің жеңімпазы атанды

Отандық гимнаст Словениядағы Challenge Cup кезеңінің жеңімпазы атанды

Спорттық гимнастикадан Словенияның Копер қаласында өтіп жатқан Challenge Cup кезеңінде Қазақстан құрамасының өкілі Диас Тойшыбек алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол ат снарядындағы жаттығуда үздік нәтиже көрсетті. Тойшыбек ақтық сында төрешілердің шешімімен 14,033 ұпай жинады.

Сонымен қатар Зейнолла Ыдырысов 13,866 ұпаймен екінші орынды иеленді. Ал үшінші орын албаниялық Матвей Петровқа бұйырды — 13,200 ұпай.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға