Жаңалықтар

Отандық ғалымдар астықтың жаңа сұрпын патенттеді

Отандық ғалымдар астықтың жаңа сұрпын патенттеді
Фото: gov.kz 02.03.2023 10:08 2862
Еліміздегі А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ғалымдары "Таймас" атты астықтың жаңа сұрыпын ойлап тапты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, жаңа сұрып мемлекеттік тексерістен сәтті өтіп, патент алды, енді басым тұқымдар түрінде таратылатын болады.

Ақмолалық селекционерлер "Таймасты" соңғы 15 жыл бойы зерттеген.

Астық орталығының мамандары жаңа сұрып құрғақшылыққа және қоңыр тотқа төзімді екенін айтты.

"Бидайдың тот басқан аурулары, әсіресе елдің солтүстік аймақтарында өнімділіктің төмендеуінің басты себептерінің бірі болып саналады. Астық сапасының технологиялық көрсеткіштері бойынша, "Таймастың" құрамында шикі клейковинаның мөлшері 32,3-34,5%, ақуыз 15,1-15,7% болатын күшті бидайға жатады". Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға