Жаңалықтар

Отандық дерби: Сәкен Бибосынов қазақ боксшысын жеңді

Отандық дерби: Сәкен Бибосынов қазақ боксшысын жеңді
Фото: Аян Кушбаев 10.03.2024 20:01 786

Бокстан Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде 51 келіде әлем чемпионы Сәкен Бибосынов 1/8 финалда Бахрейн намысын қорғайтын отандасымыз Азат Махметовті 4:1 есебімен ұтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бір-бірін аңдысып өткен айқаста Сәкен дәл соққыларын мейлінше көп бағыттады.

Енді Азат Махметов мамыр айында Таиландта ұйымдастырылатын екінші әлемдік турнирде бақ сынайды.

Қос боксшы бұған дейін 2019 жылы Конфедерация кубогында жолығып, Сәкен Бибосынов басым түскен еді.

Ертең шешуші жекпе-жекте жерлесіміз Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Киаран Макдональдпен (Ұлыбритания) кездеседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға