Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Әлихан Смайылов, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин және Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың өрт аймағындағы жедел жағдай туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды EL.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Барлық мемлекеттік органдардың жұмысын Президент Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу мен Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов үйлестіреді. Олар Мемлекет басшысына өртті ауыздықтау және елді мекендерден азаматтарды эвакуациялау бойынша қабылданған шаралар туралы жедел баяндап отыр.
Президент азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен өртті сөндіру шараларына басымдық беруді тапсырды. Сондай-ақ Үкіметке төтенше жағдайдың салдарын жою үшін қажетті қаражат бөлу туралы тапсырма берілді.
Қостанайдағы өрт: Үкімет төтенше жағдай салдарын жою үшін қаржы бөледі
Оқи отырыңыз
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?