Жаңалықтар

Қостанайда тәжік-өзбек мәдениетінің 15 жылдығына орай қарбыз бен қауындардан жасалған көрме ұйымдастырылды

Қостанайда тәжік-өзбек мәдениетінің 15 жылдығына орай қарбыз бен қауындардан жасалған көрме ұйымдастырылды
10.09.2018 05:57 2447

Қостанайда Достық үйінің қолдауымен қарбыздар мен хош иісті қауындардан жасалған заттар, бұйымдар көрмесі ұйымдастырылып, өткізілді.

Үстел басына қойылған қайықтар, раушан гүлдер, құмыралар, себеттер, балықтар, бесікарбалар мен қуыршақтар - Науырзым және Таран аудандарында өсіп-өнген қарбыз бен қауындардан жасалған.

Бұл күні біреулер өлең оқыса, енді біреулері қойылым қойып, үшіншілері буклеттер таратып жүрді.

Нәтижесінде, әділқазылардың ұзақ ақылдасуынан кейін әр түрлі бұйымдардан жасалған композиция ұсынған №5 бөбекжай-бақшасының педагогтар ұжымына бірінші орын бұйырды. №15 және №54 бөбекжай-бақшаларының педагогтары екінші орынды өзара бөлісті. Хусаиновтар отбасы мен Мякотиндер отбасы үшінші орынды өзара бөлісті. Барлық қатысушыларға диплом мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Мерекенің шарықтау шегі – қарбыз-қауын жарыстары. Балалар мен ересектер жылдамдыққа қарбыз жеп жарысса, әйелдер қарбызды жылдамдыққа қасықпен жеу жарысына қатысты.

Күші тасыған ер адамдар қарбыздарды көтеріп, күштерін сынасты, ал балғындар қарбыз тұқымдарын алысқа түкіріп, боулинг ойнады. Жеңімпаздар өздерімен бірге үйлеріне қарбыз ала кетті.

Қостанайлықтарға «арбуз-карапуз» атты сайысы ерекше ұнады. 12,4 және 9,3 келі салмақты қарбыздарға сәбилерінің салмағы дәл келген ата-аналар сол қарбыздарды өздерімен ала кетті. Сонымен бірге, қостанайлықтар қарбыздан дайындалған смузидің дәмін татып, карвинг жасауды үйренді.

Сахнада балалар би ұжымдары да жиналғандарға өз өнерлерін тарту етті.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға