Жаңалықтар

Қостанайда қарулы ресейліктер баланың ұялы телефонын тартып алған – Фейк

Бұл ақпаратты Қостанай облысының полиция департаменті жоққа шығарды
Қостанайда қарулы ресейліктер баланың ұялы телефонын тартып алған – Фейк
Фото: totyrar.kz 28.09.2022 14:51 719

«Қостанайда Ресейден келген төрт қарулы адам баланың ұялы телефонын тартып алған». WhatsApp мессенджерінде осындай ақпарат тарады. Бұл – жалған, деп хабарлайды El.kz stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты Қостанай облысының полиция департаменті жоққа шығарды.

«Бұл ақпарат – фейк. Облыста жедел және көші-қон жағдайы тұрақты. Аталған «факті» бойынша полицияға арыз-шағым түскен жоқ. Сонымен қатар, соңғы күндері көші-қон ағымының артуы аймақтағы криминогендік жағдайға әсер еткен жоқ. Облыстық полиция штаттық режимде жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Ақпараттың анық-қанығын тексерушілер әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі арандатушылыққа бой алдырмауға және тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға