Жаңалықтар

Қостанай облысында «Бекет-2022» ведомствоаралық оқу-жаттығуы басталды

Аталаған оқу-жаттығуға Қостанай облысының аумақтық қорғаныс құрамасында есепте тұрған әскери міндеттілер шақырылды
Қостанай облысында «Бекет-2022» ведомствоаралық оқу-жаттығуы басталды
Фото: gov.kz 20.09.2022 21:05 1108

Қостанай облысында «Бекет-2022» ведомствоаралық оқу-жаттығуы басталды, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Кешенді оқу-жаттығуға қатысушыларға ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету, әртүрлі ведомстволық күштердің өзара іс-қимыл элементтерін пысықтау, аумақтық қорғаныстың уәкілетті органдары мен бөлімшелерінің жұмылдыру әзірлігінің жай-күйін тексеру міндеттері жүктеледі.

Бұл оқу-жаттығуға Қостанай облысының аумақтық қорғаныс құрамасында есепте тұрған әскери міндеттілер шақырылды. Оларға жауынгерлік оқудың негізгі пәндері бойынша сабақ өткізіледі.

Екі кезеңде өтетін оқу-жаттығудың белсенді фазасы 21 қыркүйекте басталады. Мемлекеттік органдар мен күштік ведомстволардың өкілдері бес күн бойы «Бекет-2022» оқу-жаттығуының бекітілген жоспары бойынша дағдарыстық жағдайды еңсерудің және сыртқы қауіп-қатерлерге қарсы тұрудың түрлі сценарийлерін пысықтайтын болады.

Оқу-жаттығу барысында облыс орталығының кейбір көшелерінде қозғалыс шектеледі. Ол жайлы жергілікті тұрғындарға қосымша хабарланатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға