Жаңалықтар

Қосшыдағы үш ауысымды мектеп мәселесі қашан шешіледі?

1 қыркүйектен бастап орын тапшылығы 47%-ға төмендейді.
Қосшыдағы үш ауысымды мектеп мәселесі қашан шешіледі?
Фото: Артем Чурсинов 23.08.2022 11:52 2413

Қазіргі таңда Қосшы қаласында 4 мектеп салынып жатыр, деп хабарлайды El.kz.

Қосшыдағы үш ауысымды мектеп мәселесі қашан шешіледі?

Оның ішіндегі 1200 орынға арналған білім ордасы 1 қыркүйек күні ашылатын болса, тағы 1 мектептің құрылыс жұмысы 2022 жылдың соңына дейін аяқталмақ. Ал қалған 2 мектеп 2023 жылы ашылады деп жоспарланып отыр. Қаладағы жаңа мектептер мен оқушылардың орын тапшылығы туралы Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы айтып берді.

«Қосшы қаласында 8640 оқушы бар. Бүгінде 3 мектеп жұмыс жасап тұр. Оқушылар оның 2-еуінде 2 ауысыммен оқыса, 1-еуінде 3 ауысыммен оқиды деп жоспарланып отыр. Қыркүйек айында 1200 орындық жаңа мектеп ашылатын болса, 3500 орын тапшылығы қалады», – дейді қалалық білім бөлімінің басшысы Қанат Ахметов.

2023 жылы құрылысы аяқталатын 3 мектептің бірі Болат Өтемұратовтың қорының демеушілігімен салынуда. 

«Бұл салынып жатқан мектепте 1500 оқушыға арналған орын болады. Құрылыс жұмыстары маусым айынан бері жүріп жатыр. Аталған жобаны шілде айында тапсыруды жоспарлап отырмыз. Өйткені тамыз айында мектепті өткізу қажет. Мектеп Болат Өтемұратовтың қаржыландырылуымен, қайырымдылық жобасы арқылы салынып жатқандықтан әкімдікке сыйға тартылады. Жобаға 7,6 млрд теңге жұмсалған», – дейді жобаға тапсырыс берушінің өкілі, атқарушы директор Леонид Кирьяков.

Айта кетерлік жайт, Қосшы қаласында жаңа мектептер оқушылардың үш ауысымда оқу мәселесін шешу үшін салынуда. Енді 1 қыркүйек күні бір мектеп ашылатын болса, орын тапшылығы 47%-ға дейін төмендейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға