Жаңалықтар

Өскемендік ұстаз аязды күндері тұрғындарды тегін тасып жүр

Өскемендік ұстаз аязды күндері тұрғындарды тегін тасып жүр
Фото: Видеодан кадр 23.02.2024 01:20 425

Өскеменде белгілі спортшы, жаттықтырушы ұстаз күн суықта жерлестерін тегін тасып жүр. Тіпті ол көлігіне "тегін такси" деп те жазып қойған, деп хабарлайды Altaynews-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Өткен аптада ШҚО-да басталған аяз халықты біраз әбігерге салды. Жұмыстан үйге, үйден жұмысқа жеткенше жұрт жаурап қалып жатты. Осындайда халыққа қол ұшын созар қайырымды жандар бар екенін ел көрді.

Бірнеше күннен бері адамдарды тегін тасып жүрмін. "Тегін такси" деп жазып қойдым. Сонда да кейбір тұрғындар отырмай, тартыншақтайды. Кісілерді Ахмер, Согра, Қайсенов кенті сияқты қаланың шет аудандарынан тасимын, – дейді «Гір» көтерудің чемпионы Сұлтан Амантайұлы.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға