Жаңалықтар

Өскемендік полицейлер көпірден секірмек болған ер адамды құтқарды

Өскемендік полицейлер көпірден секірмек болған ер адамды құтқарды
Фото: © Pixabay.com 05.05.2023 09:35 593

Өскемен қаласында көпірден секірмек болған 23 жастағы жігіт құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, «102» жедел арнасына хабарласқан азамат Үлбі көпірінде бейтаныс біреудің суға секірмекші болып тұрғанын жеткізді.

Шұғыл түрде сол жерге полиция қызметкерлері жолға шықты.

«Тәртіп сақшылары Руслан Рашидов пен Досым Кеңесбаев көпірден суға секіруге оқталған жас жігітті көреді. Р. Рашидов жігітті сөзге тартып, тоқтатуға тырысады. Ал осы кезде Д.Кеңесбаев ер адамның ту сыртынан білдіртпей барып, оны қапсыра құшақтап ұстап алады. Полицейлер жігітті екі жақтап қауіпсіз жерге әкеледі», - делінген ақпаратта.

Полиция қызметкерлері медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдемге хабарласқан. Ақ халаттылар 23 жастағы жігітті тексеріп, оның өміріне ешқандай қауіп жоқтығына көз жеткізді. Ары қарай мән-жайды анықтау үшін ер адам Өскемен қалалық полиция басқармасына жеткізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға