Жаңалықтар

Өскемендік өрт сөндірушілер отыз бес ара ұясын өрттен құтқарды

Омартаның әрқайсысында 30 мың ара болған
Өскемендік өрт сөндірушілер отыз бес ара ұясын өрттен құтқарды
Фото: Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті 23.02.2023 04:26 820

Өскемендік өрт сөндірушілер отыздан астам ара ұясын өрттен аман алып шықты, деп хабарлайды El.kz Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Өскеменде Шиелі көшесінде өрт шыққан. Жеке тұрғын үй шатырының ағаш құрылымдарын, сондай-ақ ферма ғимараты мен шатырдың  құрылымдары өртенген. Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері өртті сөндірді.

Өрт сөндірушілер өртті сөндіру кезінде жанып жатқан үй-жайдан 2 газ баллонды шығарып, 35 ара ұясын (әрқайсысында 30 мың ара) құтқарды. Сөндіруге барлығы 4 бірлік техника мен жеке құрамның 19 адамы жұмылдырылды. Өрт себебі бойынша – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, атап айтқанда жанғыш негіз бойынша төселген электр сымдарының қысқа тұйықталуы болжамы қарастырылуда, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, өртке әкелуі мүмкін бұзушылықтарды уақытында жоюды ұсынады. Электр желісін шамадан тыс жүктемеңіз. Розеткаға бірден бірнеше электр құрылғыларын қоспаңыз. Кез келген электр құрылғысын қолданар алдында нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.  Өрт кезінде 101 және 112 нөмірлері бойынша хабарлау қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға