Жаңалықтар

Өскемендік өрт сөндірушілер бес жасар баланың арманын орындады

Өскемендік өрт сөндірушілер бес жасар баланың арманын орындады
Фото: gov.kz 15.03.2023 15:42 826

Өскемен қаласының №8 өрт сөндіру бөліміне Алан Нұрлан есімді баланың анасы хабарласты. Баласының туған күнінде құтқарушыларға қонаққа барғысы келгенін айтып, бес жасар баласының арманын орындауды өтінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ-ге сілтеме жасап.

№8 ӨСБ-нің  өрт сөндірушілері Аланның тілегін жүзеге асырды. Өрт сөндірушілер балаға заманауи өрт-құтқару техникасын көрсетіп, қызмет атқарып жүрген қарауылмен және жұмыс талаптарымен таныстырды.

Бала жауынгерлік киім-кешекті киіп көрді. Өзінің бала кезіндегі арманының орындалғанына өте қуанышты болды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға