Жаңалықтар

Өскемендегі аялдамада ер адам өлі табылды

Өскемендегі аялдамада ер адам өлі табылды
Фото: © El.kz 18.03.2024 16:24 859

Өскеменде ер адам өлі табылды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, Назарбаев даңғылында орналасқан жылы аялдама павильонында адам мәйіті жатқандығын көрген адамдар полиция хабарлаған. Құқық қорғаушылар оқиға орнына шұғыл жетті.

Павильон ішінен ер азаматтың мәйіті табылды. Болжам бойынша ол тұрғылықты мекенжайы жоқ адам. Оның нақты неден көз жұмғаны әзірге белгісіз, - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалған. Ведомство дерегінше, өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға