Жаңалықтар

Өскеменде жыл басынан бері 78 адамды көлік қағып кеткен

Өскеменде жыл басынан бері 78 адамды көлік қағып кеткен
Фото: © Pixabay.com 18.11.2023 22:38 458

Өскемен қаласында биыл 78 жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткен. Бұл туралы Kazinform-ға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қалалық полиция басқармасының мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері Өскеменде 220 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 6 адам көз жұмып, 265 адам түрлі дене жарақатын алған. 

Сондай-ақ 78 жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Оның үшеуі көз жұмаған. Оқыс оқиғалардың 80 пайызы жаяу жүргіншілер өткелінде тіркелді. Ал қалған жағдайларда азаматтар жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен. 

Жол апаттарының көбісі жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың салдарынан болады. Атап айтқанда, жол қиылыстарынан, жаяу жүргіншілер өткелінен өту ережелерін бұзу, қашықтықты сақтамау және маневр жасау ережелерін бұзу. Сондықтан жүргізушілерге және жаяу жүргіншілерге барынша абай болу қажеттігін ескертеміз, - делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға