Жаңалықтар

Өскеменде жол ортасында билеп, видеоға түскен тұрғын жауапқа тартылды

Өскеменде жол ортасында билеп, видеоға түскен тұрғын жауапқа тартылды
Фото: Polisia.kz 08.10.2024 16:21 581

Өскеменде жол ережесін бұзған тұрғын анықталды. Тәртіп бұзушы видеоны өзінің Instagram парақшасында жариялаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алайда заң бұзушылықты байқаған қала тұрғындары ШҚО полиция департаментінің Instagram парақшасындағы direct-ке жолдаған. Кадрларда іс-әрекетімен өзінің де, өзгенің де өміріне қауіп тудырғанын түсінбей, ережені өрескел бұзған әйел жол ортасында қоссызықты жолақ бойымен жүріп бара жатқаны көрінеді. Полицейлер Өскемен қаласының 32 жастағы тұрғыны мен оның операторын анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары алдағы уақытта осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында профилактикалық әңгіме жүргізді. ШҚО полиция департаменті азаматтарды жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады және бір қарағанда қатты маңызы жоқ болып көрінген бұзушылықтардың өзі ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға