Жаңалықтар

Өскеменде трамвай қозғалысына бір аптаға шектеу қойылды

Өскеменде трамвай қозғалысына бір аптаға шектеу қойылды
Фото: Ашық дереккөзден 06.07.2023 14:52 578

ШҚО орталығы Өскеменде бір аптаға жуық уақыт бойы трамвай қатынасы бүгіннен бастап тоқтайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық жолаушылар тасымалын басқару орталығы жөндеу жұмыстарына байланысты 6 шілдеден бастап трамвай қозғалысы тоқтатылғанын мәлімдеді. 

«Қазақстан» көшесіндегі рельстерді ауыстыру жұмыстары жүргізілмек. Сондықтан, трамвайлардың орнына қосымша автобустар шығарылады. «Өскемен бекеті-Защита» бағытында №15 автобус жүреді. Оның қозғалысын Oskemenbus мобильді қосымшасынан бақылап отыруға болады», - деп жазылған ақпаратта. 

Трамвай жолдарын жөндеу жұмыстары шамамен бір аптаға созылады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, тасымалдаушылар «Қазақстан» көшесінің бойымен жүретін №26, Абай даңғылында жүретін №67 және №6 автобустарының саны артады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға