
Өскеменде суға батып бара жатқан әкесі мен ұлы құтқарылды
23.06.2025 01:05
1772
Фото: ҚР ТЖМ
Өскеменде құтқарушылар суға батып бара жатқан ер адам мен ұлын құтқарды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ТЖМ мәліметінше, Өскемен қаласында «Самал» саябағының ауданында патрульдеу кезінде ТЖД құтқарушылары қайғылы оқиғаның алдын алды.
Ертіс өзенінде құтқарушылар ер адам мен баланың суға түсу кезінде ағыспен жағадан алып кете бастағанын байқады. Олар өздігінен жағаға шыға алмады.
ТЖМ Жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Бауыржан Капитанов құтқарушы шеңберін тастап, 1983 жылы туған әкесі мен 2012 жылы туған ұлын жағалауға шығарды. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ, - делінген мәліметте.