Жаңалықтар

Өскеменде суға батқан адамды құтқарушылар өлімнен алып қалды

Өскеменде суға батқан адамды құтқарушылар өлімнен алып қалды
06.08.2023 15:55 720

ШҚО ТЖД құтқарушылары суға батып бара жатқан адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Өскемен қаласында "Восточник-3" саяжай қоғамы ауданында куәгерлер ер адамды Ертіс өзенінде ағын алып кеткенін байқап, бірден хабар берген. Оқиға орнына ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері қайықпен келіп жетті. 

Ер адамды құтқарушылар дер кезінде судан алып шықты. 1987 жылы туған азамат құтқару станциясына жеткізіп, жедел жәрдем дәрігерлеріне табысталған. 

Бұл ретте өңірдің ТЖД судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды еске салады. Сонымен қатар, арнайы жабдықталмаған орында шомылуға болмайтынын ескертіп, мас күйде суға түсуге болмайтынын қаперге ұсынады. 
 
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға