Жаңалықтар

Өскеменде сақина жұтқан бір жастағы бала өлім аузынан қалды

Өскеменде сақина жұтқан бір жастағы бала өлім аузынан қалды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 13.11.2023 16:08 657

Өскемен қаласында бір жастағы бүлдіршін сақина жұтып қойған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Сақина тыныс алу жолын жауып, бала тұншыға бастаған.  Жедел жәрдем қызметкерлері сол жерге жеткенше, телефон арқылы ата-анасына Геймлих маневрін жасауды түсіндіріп, қалай әрекет ету керектігін айтып отырды.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел әрекет етудің арқасында бала қайта тыныс ала бастап, аман қалды.

Ата-анасы диспетчерге алғыс білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға