Жаңалықтар

Өскеменде полиция әуежайды қоршауға алды

Өскеменде полиция әуежайды қоршауға алды
Фото: polisia.kz 20.03.2023 20:53 660

Өскемен қаласында полиция қызметкерлері күдік тудырған сөмкеге байланысты әуежайды қоршауға алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 20 наурызда Өскеменде күдік тудырған сөмкеге орай әуежай қоршауға алынды.

«Қалалық ПБ полиция қызметкерлері әуежай тұрағын патрульдеу барысында күдікті қара сөмкені тапқан. Сигналды алғаннан кейін мамандандырылған қызметтер дереу оқиға орнына барды. Тексеру нәтижелері бойынша қандай да бір қауіпті заттар табылған жоқ», - делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға