Жаңалықтар

Өскеменде өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден әйел мен баласын құтқарды

Өскеменде өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден әйел мен баласын құтқарды
Фото: ҚР ТЖМ 10.05.2023 07:27 871

Өскемендегі Металлургтер көшесінде көппәтерлі 2 қабатты үйдің екінші қабатындағы 3 бөлмелі пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ҚР ТЖМ мәліметінше, 15 тұрғын пәтерлерінен өз бетінше шыққан.

Өрт сөндірушілер ауданы  5 шаршы метр өртті сөндірді. Жиһаз және жеке заттар жанған. Өрт сөндірушілер газ баллонын шығарып үлгерді. №7 өрт сөндіру бөлімінің жігіттері түтін мен жану өнімдері бөлетін улы заттан қорғайтын капюшон көмегімен көрші пәтерден әйел мен баласын құтқарды, - делінген мәліметте.

Өрттің алдын ала себебі – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, электр жабдықтарының авариялық режимі.

Жалпы өртті сөндіруге жеке құрамнан 15 адам және 4 бірлік техника жұмылдырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға