Жаңалықтар

Өскеменде лото-клубтан 1,4 млн теңге ұрланды

Күдікті 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Өскеменде лото-клубтан 1,4 млн теңге ұрланды
Фото: polisia.kz 16.11.2022 13:01 1424

Өскемендік полицейлер лото-клубты тонап кеткен ер адамды ұстады, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өскемен қаласы ПБ Ертіс аудандық бөлімінің «102» жедел арнасына ЖШС әкімшісінен хабарлама түскен. Ол түнгі уақытта бейтаныс жігіттің лотерея клубы кассасынан 1,4 млн теңгені ұрлап кеткенін айтқан.

Патрульдік полиция батальоны мен Ертіс полиция бөлімінің жедел тергеу тобы қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол Ұлан ауданының 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Жауап алу кезінде ер адам осы әрекетін мойындаған. Тәртіп сақшылары ұрланған ақшаны тәркілей алды, алайда толық көлемде емес.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігімен (Тонау) сотқа дейінгі тергеу жүргізіле бастады. Күдіктіге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Ол 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға