Жаңалықтар

Өскеменде халыққа қызмет көрсету орталығынан өрт шықты

Өскеменде халыққа қызмет көрсету орталығынан өрт шықты
Фото: Видеодан кадр 27.06.2023 16:00 767

Өскемен қаласындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығынан өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 27 маусымда Өскемендегі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында өрт болған. Орталықтың қоймасы және ғимарат шатырының ағаш құрылымдары өртенді. Оқиға куәгерлері өз бетімен отты сөндіре бастады.

Бірақ қатты жел қызыл жалынды одан сайын өршіте түсті. Өртті сөндіре алмайтынын білген соң олар кәсіби мамандарды шақырған. Өрт сөндірушілер сол жерге шұғыл келіп жетті.

Жалпы ауданы 100 шаршы метрді құраған тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Жалынды сөндіруге жеке құрамнан 33 адам және 10 техника жұмылдырылды, - делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға