Жаңалықтар

Өскеменде гандболдан әйелдер арасында Суперлига чемпионаты басталды

Өскеменде гандболдан әйелдер арасында Суперлига чемпионаты басталды
Фото: ШҚО әкімдігі 22.02.2024 04:18 616

Өскемендегі Жекпе-жек сарайында гандболдан әйелдер командалары арасында XXXII Суперлига чемпионаты басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оған Астана, Алматы, ШҚО, Қызылорда, Шымкент және Түркістан командалары қатысуда.

Спорт әрқашан біріктіреді, мемлекеттің имиджін, беделін қалыптастырады, сондықтан біз дене шынықтыруды дамытуға, жоғары жетістіктер спортына ерекше назар аударуға тырысамыз, – деді ашылу салтанатында Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Ербол Нұрғалиев. – Біз барлық спортшыларды қарсы алуға қуаныштымыз, алаңда қызықты ойындарды көргіміз келеді, көрермендерге жақсы әсер, ұмытылмас эмоциялар тілейміз.

Ал «Қазақстан гандбол федерациясы» РҚБ президенті Гүлнар Тұрлыханова әйелдер ғана емес, ерлер гандбол командалары да жақсы нәтиже көрсетіп жатқаныналға тартты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға