Жаңалықтар

Өскеменде ерлі-зайыптылар есірткі жарнамалаған

Өскеменде ерлі-зайыптылар есірткі жарнамалаған
Фото: ©El.kz/Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ 24.04.2024 17:18 252

Өскеменде ерлі-зайыптылар есірткі жарнамалады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тәртіп сақшылары қаладағы шағын аудандардың бірінде есірткі заттарын сатумен айналысатын сайттарды жарнамалайтын парақшаларды ғимараттардың қабырғаларына жабыстырып жүрген екі адамды анықтаған.

ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта 41 жастағы ер адам мен оның 28 жастағы жұбайын қылмыс орнынан жедел уәкілдер ұсталғаны айтылады.

Заттай дәлел ретінде есірткі жарнамаланған парақшалар тәркіленді. Күдіктілердің айтуынша, бұл парақшаларда тыйым салынған дәрі-дәрмектерді сататын интернет-дүкендер туралы ақпарат жазылғанын білмеген, - делінген хабарламада.

Әйел кісі бұл жарнама қағаздарын жұмыс берушіден алған тапсырма екендігін айтқан. Еңбек жағдайымен келіскен ол, күйеуін өзімен бірге жұмыс істеуге шақырған.

Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын жарнамалаумен айналысқаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға