Жаңалықтар

Өскеменде 34 жастағы әйел тоғызыншы қабаттан секірмек болды

Өскеменде 34 жастағы әйел тоғызыншы қабаттан секірмек болды
Фото: ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті 26.04.2023 10:05 872

Өскемен қаласында тоғызыншы қабаттан секірмек болған әйел құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушыларға жібек маталар комбинаты ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің 9 қабатында әйел адамның секіргелі тұрғаны туралы хабар түсті.

Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен төтенше жағдай департаментінің мамандандырылған жасақ қызметкерлері балкон терезесінен аяғын төменге салбыратып отырған әйелді көреді. Дереу балкон астына «өмір кубы» деп аталатын жұмсақ қорғаныш құралын орнатты, - делінген ақпаратта.

Сол уақытта құтқарушылардың басқа бір бөлігі автосаты арқылы көтеріліп, әйелді ұстап алды да ішке кіргізді.

Департаменттің жедел құтқару жасағының психологы 34 жастағы әйелмен сөйлесіп көрді. Оның суицид жасауға ниеттенуіне күйеуімен арада болған жанжал себеп болған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға