Жаңалықтар

ОСК төрағасы Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесінің басшысымен кездесті

ОСК төрағасы Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесінің басшысымен кездесті
Фото: ҚР ОСК 13.09.2023 20:32 590

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Н.Әбдіров Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесінің басшысы доктор Фолкер Фробартпен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында ОСК басшысы ұйымдар арасындағы тығыз ынтымақтастықты және ЕҚЫҰ басшылығымен тұрақты кездесулер жақсы тәжірибеге айналғанын атап өтті. Нұрлан Әбдіров 2022 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын және 2023 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын байқау жөніндегі ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясының жақында жарияланған қорытынды есептеріне көңіл бөліп, сондай-ақ осы есептердегі ұсынымдар ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде ҚР ОСК жанындағы Сараптамалық кеңестің жақын арада өтетін отырысында талқылану жоспарланғанын хабарлады.

ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар кеңсесінің басшысы пилоттық режимде өтетін аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің алдағы тікелей сайлауы, шығып қалған мәслихаттар депутаттарының орнына сайлау, сондай-ақ 2021 жылғы 25 шілдеден бері жалғасып келетін республикадағы ауыл әкімдерін сайлау туралы хабардар етілді.

Сонымен қатар, тараптар ҚР ОСК 30-жылдығына арналған «Конституциялық реформа және сайлау жүйесі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға дайындық аясында бірқатар мәселелерді талқылады.

Кездесу аясында Ф.Фробарт ҚР Орталық сайлау комиссиясымен ынтымақтастыққа ЕҚЫҰ тарапынан берілген жоғары бағаны атап, өзара іс-қимылды жалғастыруға және сайлау саласында тәжірибе алмасуға дайын екендігін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша сайлау саласындағы озық халықаралық тәжірибені зерделеуде өзара іс-қимылды одан әрі дамыту және диалогты, оның ішінде сайлау кампаниялары арасындағы кезеңде, кеңейту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға