Жаңалықтар

ОСК Президент сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады

«Бәріне қарсымын» бағанын 460 484 немесе 5,8% сайлаушы таңдаған
ОСК Президент сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады
Фото: El.kz 21.11.2022 11:39 1523

Орталық сайлау комиссиясы Президент сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта еліміздің барлық өңіріндегі сайлау учаскелері және шетелдегі пунктердегі санау жұмысы аяқталды.

«Дауыс берген қазақстандықтардың жалпы саны11 953 465 адам. 8 300 046 адам дауыс беруге арналған бюллетендерді алды. Дауыс беру күні сайлау учаскелерінде 11 мыңннан астам байқаушылар мен кандидаттардың сенім білдірген өкілдері отырды. Шетелден келген 641 байқаушы қатысты. 15,5 мыңнан аса саяси байқаушылар, 30 мыңнан астам қоғамдық байқаушылар жұмыс істеді», - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Сайлау учаскелерінде 1225 бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, 23 елден 106 аккредиттелген журналистер қатысып, сайлау барысын жария етіп отырғанын атап өтті. Сайлау бюллетендерінде 6 кандидатпен қатар, барлығына қарсымын нұсқасы да болды.

Орталық сайлау комиссиясына келіп түскен ақпаратқа сәйкес сайлаушылардың дауыстары: Қарақат Әбден – 206 206 адам Нұрлан Әуесбаев – 176 116 адам Жигули Дайрабаев – 271 641 адам Мейрам Қажыкен – 200 907 адам Қасым-Жомарт Тоқаев – 6 456 392 адам Салтанат Тұрсынбаева – 168 731 адам Барлығына қарсымын – 460 484 адам.

ОСК Президент сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға