Жаңалықтар

ОСК халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу мәселесін қарады

ОСК халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу мәселесін қарады
Фото: ortcom.kz 13.02.2023 11:00 1552

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында саяси партиялардың партиялық тізімдерін тіркеу және шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу мәселелері бойынша ОСК-ның сегізінші отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz.

Отырысқа Бас прокуратураның, Әділет министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің өкілдері қатысты. Жиында шет мемлекеттерден акредиттеудің кейбір мәселелері мен ЖСДП партиялық тізімін тіркеу мәселелері қаралды.

"Шет мемлекеттен - 3, халықаралық ұйымнан - 2 және 62 байқаушы ресми тіркеуден өткізген болатынбыз. 3 шет мемлекеттен, 2 халықаралық ұйымнан 12 байқаушыны тіркеуден өткізуді ұсынды. Атап айтсақ, Корея Республикасы, Қырғыз Республикасынан 1 байқаушыдан, ТМД-ның байқаушылар миссиясынан 7, Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының сайлауды байқау жөніндегі миссиясынан 2 байқаушы ұсынылды,- деді ОСК хатшысы Мұхтар Ерман.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға