455.65
489.96
6.36

ОСК аумақтық сайлау комиссияларына арналған республикалық семинар өткізеді

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы мәлім етті
election.gov.kz
Фото: election.gov.kz 07.12.2022 21:06 340

2022 жылғы 7-9 желтоқсанда Орталық сайлау комиссиясы еліміздің барлық 239 аумақтық сайлау комиссияларының басшылық құрамына арналған үшкүндік республикалық семинар өткізеді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Семинарға 300-ге жуық адамдар қатысады. Негізгі спикерлер ретінде Орталық сайлау комиссиясының мүшелері сөз сөйлейді.

Семинардың мақсаты: сайлау заңнамасы және оны сайлау процесінде қолдану тәжірибесі бойынша теориялық және қолданбалы білімдерін кеңейту арқылы сайлауды ұйымдастырушылардың кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру.

Семинар барысында бірнеше оқу блоктары қарастырылған: 2022 жылғы 20 қарашада өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізу бойынша сайлау комиссияларының жұмысының қорытындылары; сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру, әсіресе аралас және мажоритарлық сайлау жүйелерінің енгізілуін, әлеуметтік желілердегі сайлауалды үгіт, қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды сайлауды байқау үшін аккредиттеу, сондай-ақ сайлауды мемлекеттік емес қаржыландыру. Бұдан басқа семинарда коммуникациялық әдістер мен сайлау комиссиялары мүшелерінің саяси партиялармен, масс-медиа өкілдерімен, үкіметтік емес ұйымдармен және басқа да сайлау процесінің қатысушыларымен өзара қарым-қатынас машықтарын дамыту бойынша тренингтер өткізіледі.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Жаңалықтар