Жаңалықтар

Ош қаласында заманауи қырғыз поэзиясының қазақ тіліндегі антологиясы таныстырылды

Осылайша, бауырлас қазақ-қырғыз халықтарының рухани, әдеби байланыстарын одан әрі нығайту көзделген
Ош қаласында заманауи қырғыз поэзиясының қазақ тіліндегі антологиясы таныстырылды
Фото: gov.kz 13.12.2022 07:08 970

Ош мемлекеттік университетінде қазіргі заманғы қырғыз поэзиясының қазақ тіліндегі антологиясы – «Мекенім» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды El.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Жарыққа шыққан «Мекенім» антологиясына қырғыз елінің жиырма ақынының 170-тен астам өлеңдері енгізілген. Өлеңдерді аударып жинақты құрастырған – Қазақстанның Ош қаласындағы консулы Мұхтар Кәрібай.

Тұсаукесердің ашылуында сөйлеген сөзінде қазақстандық дипломат антологияның қазақ оқырмандарының назарына тілі жақын, тілегі бір қырғыз елінің қазіргі заманғы поэзиясының, соның ішінде орта және жас буын ақындарының туындыларын қазақ тілінде ұсынудың ізгілікті мақсатынан туындағанын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға