Жаңалықтар

Қош келіпсің, Наурыз!

Қош келіпсің, Наурыз!
27.03.2018 05:22 1930

 

Көктемнің жарқын мерекесі Наурыздың қарсаңында Қоғамдық келісім сарайының қабырғасында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолдауымен «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған  «Қош келіпсің, Наурыз!» атты театрландырылған музыкалық шығармашылық бағдарламасы ұсынылды. 

Мұнда еңбек ардагерлері, қала мектептерінің оқушылары, этномәдени бірлестік өкілдері, облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары жиналды. Мереке домбыра үнінен бастау алды. Халық дәстүрі бойынша «Қазақ тілі мен мәдениеті» бірлестігінің киіз үйінде Аналар кеңесінің белсенділері барша жиналғандарды жұмсақ қызарған бауырсақпен қонақ етіп, мейрамның басты тағамы – наурыз көжеден дәм татқызды. Жеті дәмнен тұратын мерекелік наурыз көже көктемгі күн мен түн теңесетін шақта ерекше мән-маңызға ие. Наурыз көжедегі кәдімгі су, ет, тұз, май, ұн, күріш пен айран сиқырлана түскендей әсер қалдырады.

Аңызға сүйенсек, бұл құрамдастар жеті өмір бастауын бейнелеп, бақыт, сәттілік, даналық, денсаулық, байлық, тез өсу, көкті қорғау сияқтыларды білдіреді. Осы ғажап тағамнан дәм татқан әрбір адам соның бәрін өзіне және барша қазақстандыққа іштей тілеген болса керек.

Үлкен залдың сахнасында театрландырылған көріністе осы мезгілге тән қазақ ұлттық әдет-ғұрыптары кеңінен таныстырылды. Ш. Уәлиханов атындағы КМУ-дің «Айғаным» қыздар клубының қатысушылары қазақ халқының салт-дәстүрлерін театрландырылған көркем қойылым түрінде ұсынды.

ҚХ Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ринат Галлямов барша жиналғандарды құттықтай келе, Наурыз мейрамын тойлай отырып, қазақстандықтар бір патриоттық ұмтылыс, ой және сезіммен біріккенін атап өтті. «Бүгінгі күні қоғамның көтеріліп дамуына «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуінде қойылған міндеттерді шешу ықпал етіп жүр», - деді Ринат Фаатұлы.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Бисара Мәкенованың жоғары алып, әдемі шыққан дауысы және оның әндері де баршаны жаңаруға, көктемгі күлкі-қуанышқа шақырып тұрғандай. Зал қол соғуда. Осы мезгілдің тағы бір салты көрсетіліп жатыр. Жігіттер байсалды әрі ұнатқан сыңаймен қыздармен сыйлық алмасуда. Содан соң ақсақал жасөспіріммен ортаға шығып, оған бата-тілек берді. Мейірімді, батыл, адал болсын дейді. Ең бастысы, егер оның жүрегінде мейірімділік болса, онда оның үйінде де жақсылық орнайтынына үйретеді. Наурызда адамдар бір-біріне жақсы сөздер айтып, жақыныңа көмектесуге тырысып, жоқ-жітік көрген аш жандарды тамаққа тойдырып, жетім-жесірді паналатуы тиіс екендігін баяндады ақсақал. Залдың қол шапалақтауымен облыстық филармонияның солистері Мара және Болат Есмұқановтар әндерін орындаса, ал № 4 ОМ, № 3 КГ, Біржан сал атындағы колледждің шығармашылық ұжымдары көрермендерге өнерін көрсетті.

Іс-шараның соңында «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ төрағасы Мейрамбек Қиықов барша қатысушыларға жылы жүзбен алғыс айтып, оларға сыйлықтар берді.

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға