Жаңалықтар

Орыс тіліне тыйым салына ма? Мәжіліс төрағасы пікір білдірді

Орыс тіліне тыйым салына ма? Мәжіліс төрағасы пікір білдірді
Фото: ©El.kz/Амангүл ТІЛЕЙ 13.09.2023 13:07 3633

Мәжіліс кулуарында Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мектептердегі мемлекеттік тілдің аясына қатысты журналистердің қойған сауалына жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Біз бірінші кезекте орыс тіліне тыйым салуымыз керек пе немесе өзіміздің мемлекеттік тілді дамытуымыз керек пе? Бұл туралы бұрын да мен өз пікірімді айттым. Неғұрлым көп тіл білетін болсақ, ұрпағымыз, балаларымыз соғұрлым биік тұрады. Орыс тілі де, ағылшын да керек. Әрине, бірінші кезекте басымдық мемлекеттік тілде болуы қажет. Мектепті бітірген біздің балалар мемлекеттік тілді еркін меңгеруі қажет. Басқа тілді оқытуды төмендету арқылы біз мемлекеттік тілдің мәселесін шешпеуіміз керек. Бәрін де дамыту қажет. Десе де мемлекеттік тіл басым болғаны дұрыс, – деді Мәжіліс төрағасы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға