Жаңалықтар

Өрттен зардап шеккен Әулиекөлде балабақшаның құрылысы басталды

Бұл туралы Қостанай облысының әкімі мәлім етті
Өрттен зардап шеккен Әулиекөлде балабақшаның құрылысы басталды
Фото: gov.kz 30.11.2022 09:09 688

Биыл Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы өрттен зардап шеккендерге арнап салынған баспаналардың маңынан бой көтеретін балабақшаның құрылысы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Әулиекөл селосына қарасты «Бірлік» шағын ауданындағы балабақша құрылысын бастауға рұқсат бердім. Жоба бойынша білім ошағының жалпы ауданы 4 мың шаршы метрден асады. Нысан 280 орынға шақталған. Жоба «Халық» қайырымдылық қоры есебінен 1,3 млрд теңгеге жүзеге асырылуда. Балабақша сабақтар мен ойындарды өткізуге мүмкіндік беретін заманауи жиһаздармен және құрылғылармен жабдықталады. Сондай-ақ, балабақшада музыка және спорт залы, әдістемелік және медициналық кабинеттер болады. Ғимаратта барлық жағдай қарастырылады. Нысанды 2023 жылы күзде пайдалануға беру жоспарланған», - деп жазды өңір әкімі өзінің Іnstagram парақшасында.

Облыс басшысының мәліметінше, Аманқарағай ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылған. Оны биыл өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында еліміздегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірі өз қаражатына салған. Фельдшерлік-акушерлік пункт бір ауысымда 50 адамды қабылдауға қауқарлы. Ол 2 ай ішінде салынған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға