Жаңалықтар

Өрттен күйеуі қайтыс болған Семей тұрғыны Президентке мұңын айтты

Өрттен күйеуі қайтыс болған Семей тұрғыны Президентке мұңын айтты
Фото: akorda.kz 11.06.2023 17:21 1985

Абай облысындағы өрт кезінде күйеуінен айырылған өңір тұрғыны Президентпен кездесуде мәселесін жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Алапат өрт салдарынан қаза тапқан Алексей Губаевтың жұбайы Татьяна Будюк Мемлекет басшысына қызмет барысында күйеуінің орманда жеке көлігімен неліктен болғаны туралы жеткізді. 

Бұған қатысты Мемлекет басшысы халықпен бірге екенін атап, мәселені назарда ұстайтынын атады. 

Түсінемін, сіз күйеуіңізден, асыраушыңыздан айырылдыңыз. Бала қалды. Сондықтан көмектесемін деп айттым. Жағдай шынымен де күрделі. Мен бәрін түсінемін. Мен басқа планетада тұрмаймын ғой. Мен сіздермен біргемін, - деді Қ.Тоқаев. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға