Жаңалықтар

Орталық сайлау комиссиясына барлығы 203 өтінім келіп түсті

Бүгін түнгі сағат 00-ден бастап, 19 қараша тыныштық күні болып саналады
Орталық сайлау комиссиясына барлығы 203 өтінім келіп түсті
18.11.2022 18:03 1038

ОСК 27-ші отырысында халықаралық байқаушы миссияларының қатысуымен өткен кеңейтілген отырыста элоктарттық оқыту және ОСК-ға келіп түскен арыз-шағымдар мен сайлаудың құқықтық міндеттері айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Элоктараттық оқыту мәселесі бойынша ОСК мүшесі Сабила Мұстафина сайлау процесінің қатысушыларын оқыту қорытындысы бойынша 11592 ОСК мен АСК оқыту шаралары мен 71 мың сайлау комиссияларының мүшелері, 11313 сайлау процесінің басқа қатысушылары оқытылғанын тілге тиек етті.

«Аумақтық және учаскеелік сайлау комиссияларының барлық мүшесі үшін инернет ресурс арқылы қашықтықтан оқыту ұйымдастырылды. Сайлау жүйесі сайлау комиссияларының 71 мыңға жуық мүшесін қамтитынын ескере отырып, оқыту және жұмыс тәртібімен танысу өте ыңғайлы болды. Білім алушылар оқу материалды өз бетінше зерделеуді және практикалық тапсырманы орындауды жүзеге асырды. ОСК белгіленген мерзімде қашықтықтан оқыту мен онлайн тестілеуден АСК-ның барлық 1673 мүшесі мен ОСК-ның 69284 мүшесі өтті. 26 қазанмен 16 қараша аралығында еліміздің барлық өңірінде ОСК төрағасы, мүшелері, ақпарат қызметкерлерімен мүдделі мемлекеттік органның қатысуымен 21 көшпелі семинар кеңес өтті және іскерлік ойын ретінде өткен 23 тренингке сарапшы болды», - деді ОСК мүшесі Сабила Мұстафина.

ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов ОСК барлық деңгейдегі арыз бен шағымды қарағанын барлығы 203 жолданым келіп түскенін айтты.

«Келіп түскен өтініштің басым бөлігі сайлау заңнамасы аясында. Жеке тұлға мен заңды және үкіметтік ұйымнан жолданымдар келіп түсуде. Процес әлі аяқталған жоқ. Тағы болады. Барлығы 203 жолданым келіп түсті. Оның ішінде, заңды тұлға - 42, БАҚ – 38, жеке тұлғадан – 120 жолданым түсті. Сайлау туралы заң талабы тұрғысынан ОСК барлық деңгейдегі сайлау комиссиясының шешімі мен әрекетсіздіктерін қарайды», - деді ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға