Жаңалықтар

Орталық Азияның климаттық саясатының мәселелері Самарқандта талқыланды

Орталық Азияның климаттық саясатының мәселелері Самарқандта талқыланды
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі 26.10.2023 23:05 371

Самарқандта (Өзбекстан) С5+1 өңірлік дипломатиялық платформасының қолдауымен АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігінің әкімшісі мен Өзбекстан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Түрікменстан сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өңірлік интеграция бойынша C5+1 министрлерінің кездесуі барысында өзара түсіністік туралы екі меморандумға қол қойылды.

Бірінші меморандум Климаттық саясатты тиімді ілгерілету және Орталық Азия елдерінде тұрақты энергетикаға көшуді жеделдететін инвестицияларға жәрдемдесу үшін негіздеме белгілейді. Париж келісімінің мақсаттарына сәйкес осы құжаттың әрекеттері өңірдегі көміртегі шығарындыларын азайту стратегияларын айырбастауға және іске асыруға, сондай-ақ бүкіл өңір ауқымында Орталық Азия елдерінде электр энергиясын өндіруді неғұрлым тиімді пайдалану үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталатын болады.

Сонымен қатар, C5+1 форматында министрлер климаттық дағдарысты еңсеру бойынша ұжымдық және елдік міндеттемелерді ілгерілету, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды кеңейту, метан бойынша Жаһандық міндеттемеде көрсетілген іс-қимылдар және «жасыл» экономиканы дамыту мәселелерін талқылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға