Жаңалықтар

Орталық Азия елдеріндегі ғимараттар жер сілкінісіне төзімділігін арттыру мәселесі талқыланды

Орталық Азия елдеріндегі ғимараттар жер сілкінісіне төзімділігін арттыру мәселесі талқыланды
Фото: gov.kz 19.12.2023 21:05 599

Бішкекте жер сілкінісіне төзімді құрылыс бойынша халықаралық сарапшылар қауымдастығының базасында сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді арттыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дөңгелек үстелге халықаралық сарапшылар мен ғалымдар, сондай-ақ құрылыс динамикасы және ғимараттарды табиғи, техногендік әсерлерден қорғау саласындағы ғылыми баяндамалар байқауында бақ сынаған жас ғалымдар қатысты.

Дөңгелек үстел «Орталық Азия елдеріндегі ғимараттар мен құрылыстардың жер сілкінісіне төзімділігін арттыру» тақырыбына арналды. Оның негізгі мақсаты – апат туындаған жағдайда қауіпсіздік мәселелері бойынша жетекші сарапшылар мен институттардың жұмысын үндестіру.

Ұйыдастырушылардың айтуынша, қазіргі кезде сарапшылардың назарын жер сілкінісіне төзімді құрылыс мәселелеріне аудару аса маңызды. Себебі, апат айтып келмейді демекші, жер сілкінісі де кез келген мезетте орын алуы мүмкін. Сондықтан бұл әрдайым өзекті тақырыптардың бірі. Сол себепті де дөңгелек үстел аясында Қазақстан Республикасындағы ғимараттар мен құрылыстардың эксперименттік сынақтары, ғимараттардың динамикасы мен қауіпсіздігі саласындағы жас ғалымдардың ғылыми-эксперименттік әзірлемелерін қолдау, қазіргі жағдайда халықаралық стандарттар критерийлері бойынша мамандар даярлау сапасы бойынша баяндамалар тыңдалды.

Іс-шара соңында қатысушылар осы саладағы озық әзірлемелер аясында пікір алмасып, сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды мәселелері талқылады. Ғалымдардың пікірінше, бұл процесс үздіксіз жалғасуы тиіс.

Халықаралық конкурсқа белсенді қатысқаны үшін жас ғалымдардың 3 үздік ғылыми-зерттеу және ғылыми-практикалық жобасы «Maurer» seismic Protection Systems неміс компаниясы тарапынан жоғары бағаланып, дипломдар мен қаржылай сыйақы жеңіп алды. Конкурстың ашық, әрі әділ өтуін жетекші ғалымдар, сарапшылар, академиктерден тұратын арнайы комиссия қадағалады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға