Жаңалықтар

«Орталық Азия – 2030: болашақтың келбеті» атты Сарапшылар кездесуі өтіп жатыр

«Орталық Азия – 2030: болашақтың келбеті» атты Сарапшылар кездесуі өтіп жатыр
Фото: El.kz 20.01.2023 12:31 1558

Астана қаласында «Орталық Азия – 2030: болашақтың келбеті» атты Сарапшылар кездесуі өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Шара ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі.

Жиынға Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының өкілдері, Орталық Азия елдері Президенттерінің жанындағы стратегиялық зерттеулер институттарының басшылары, сондай-ақ өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша сарапшылар қатысып жатыр.

«Орталық Азия – 2030: болашақтың келбеті» атты Сарапшылар кездесуі өтіп жатыр

Сарапшылар кездесуі аясында Орталық Азия елдерінің сауда және экономика, көлік және энергетика, адами капиталды дамыту сияқты салалардағы кооперацияны арттыру мен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылау жоспарланған.

«Орталық Азия – 2030: болашақтың келбеті» атты Сарапшылар кездесуі өтіп жатыр

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға