Жаңалықтар

«Орталық.кз» порталының тілшісі журналистика саласындағы шығармашылық байқаудың Бас жүлдесін жеңіп алды

«Орталық.кз» порталының тілшісі журналистика саласындағы шығармашылық байқаудың Бас жүлдесін жеңіп алды
15.11.2018 04:43 1589

Қарағандыда журналистика саласындағы «Шаңырак» республикалық шығармашылық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Конкурс жеңімпаздарын марапаттау салтанаты Қарағанды қаласындағы Достық үйінде өтті. Байқауға облыстық, қалалық, аудандық БАҚ өкілдерінің бірнеше жұмысы ұсынылып, журналистика саласындағы өз ісінің кәнігі мамандарынан құрылған қазылар алқасы барлық жұмыстарды саралап, ең мықты дегендерін анықтады.

Байқауға қатысқан журналистер жыл  бойы өңірдегі этносаралық қатынас туралы тақырыбында жазып, жергілікті жерлердегі Қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысы, мемлекеттік тілдің жағдайы мен болашағы, Ассамблея жобалары мен олардың іске асырылуы туралы кеңінен насихаттап, телевидение арқылы көпшілікке жеткізуге тырысты.

Марапаттау салтанатында Қарағанды облысы ҚХА төрағасының орынбасары Деспина Касапиди, Журналистер клубының төрағасы Ерсін Мұсабеков, «Полония»  облыстық поляк қоғамының төрағасы Виталий Хмелевский мен Аналар кеңесінің мүшесі Күліш Төлеуханова сөз сөйлеп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сертификаттар мен алғыс хаттар табыстады.

Байқаудың Бас жүлдесі «Орталық. кз» порталының тілшісі Нұрлыхан Қалқаманға бұйырды.

«Жалпыұлттық келісім мен бірлікті насихаттау» номинациясы бойынша облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің тілшісі Анна Строкова үздік деп танылды.

Арнайы «Астана -20 жыл бейбітшілік пен мейірімнің қаласы» жүлдесі жас журналист Қасымхан Ғалымға табысталды.

Аталмыш байқау еліміздің ширек ғасыр­лық шежіресін құрайтын жайларды, соның ішінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті, қасиетті қазақ жерін мекендеген жүзден астам этнос­тардың өзара татулығы мен барша ұлысты ұйытып отырған қазақ елінің өр­кендеуін жазып-көрсетіп, облыстық Ассамблеялардың қызметін баяндап, Қазақстан халқының мәдениетін дамытуға атсалысып жүрген журналистер қауымының үздік жарияланымдарын марапаттап, белсен­ді журналистерді ынталандыруды көздейді.   

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға