Жаңалықтар

Өрт сөндірушілер жеңіл автокөлікте шыққан өртті жойды

Өрт сөндірушілер жеңіл автокөлікте шыққан өртті жойды
Фото: Polisia.kz 16.03.2024 02:26 459

15 наурызда Астана қаласындағы Байқоңыр ауданында өрт сөндірушілер жеңіл автокөліктің ыстық бөліктеріндегі өртті жойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

Оқиға орнында жеке құрамнан 5 адам және ТЖД 1 автоцистернасы жұмылдырылды.

ТЖМ естеріңізге салады:
1. Егер өрт қозғалыс кезінде орын алса, жол жиегіне жақындап тоқтау керек.
2. Қозғалтқышты өшіріп, көлікті қол тежегішіне қою керек.
3. Барлық жолаушыларды салоннан шығарып, құжаттарды алып, өрт туралы 101 немесе 112 телефондары арқылы хабарлау қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға