Жаңалықтар

Өрт сөндірушілер Павлодарда жанып жатқан үйден ер адамды құтқарды

Өрт сөндірушілер Павлодарда жанып жатқан үйден ер адамды құтқарды
Фото: ТЖМ 26.02.2024 00:19 494

25 ақпанда сағат 20.21-де Павлодар қаласында Орджоникидзе көшесінде үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шақыру орнына өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері дереу барды. Оқиға орнына келген бойда жеке тұрғын үйде 10 шаршы метр аумақта өрт шыққаны белгілі болды. Үй заттары мен шатыр жанып жатты.

3-ӨСБ қарауыл бастығы Қайрат Бексеитов пен бөлімше командирі Бақтияр Нұрмағамбетов жанып жатқан үйден 1961 жылы туған ер адамды алып шығып, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырды. Ер адам ауруханаға жатқызылды.

Ал өрт сөндіруші Қайыргелді Қарыбаев үйден газ баллонын эвакуациялады.  

Өрт сағат 21:01-де оқшауланып, сағат 21:26-да сөндірілді.

Өрттің себебі мен келтірілген шығын анықталуда. Оқиға орнында жеке құрамнан 17 адам және 4 бірлік өрт сөндіру техникасы жұмыс істеді, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы жұмылдырылды.

Өрт туындаған жағдайда өрт сөндіру қызметінің қызметкерлерін 101 немесе 112 нөмірі бойынша дереу шақыруға кеңес береміз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға