Жаңалықтар

Өрт шыққан хостелде шетел азаматтары да тұрған

Өрт шыққан хостелде шетел азаматтары да тұрған
Фото: 2gis.kz 30.11.2023 10:12 745

Өрт шыққан хостелде Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтары мен ел азаматтары да тұрған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Алматы қалалық ТЖД бастығы полковник Нұрлан Атығаев хостел әкімшілігі өкілінің сөзіне сүйеніп осындай мәлімдеме жасады.

Өрт шыққаны туралы телефон хабарламасы келіп түскен соң, оқиға орнына бірден 13 бірлік техника мен жеке құрамнан 46 адам жіберілді. Олар оқиға орнына жеткен уақытта, 7 минуттан соң жатақхананың бірінші қабаты қатты түтіндеп жатқаны анықталды. Хостелге айналдырылған жертөледегі өртті сөндіру кезінде 59 адам өздігінен эвакуцияланғаны белгілі болды, алдын ала мәлімет бойынша шамамен 72 адам тұрған, 13 адамның мәйіті табылды, - деді Нұрлан Атығаев.

Қазіргі уақытта тергеу тобы олардың жеке басын  мен өрттің себебін анықтап жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға